Есіл ауданының тұрғындары Наурыз мейрамын ерекше атап өтіп жатыр
Биыл Наурыз мейрамы қаланың төрт ауданындағы ашық алаңдарда және елді мекендерде атап өтілуде. Мерекелік әндерді әр жерден естуге болады, сол сияқты жұртшылық жаңа піскен бауырсақтан, наурызкөжеден дәм татты, деп хабарлады Elorda.info.
Есіл ауданының тұрғындары да Наурыз мейрамын ерекше атап өтуде. Бірнеше қоғамдық кеңістік аумағында мерекелік концерттер ұйымдастырылып, киіз үйлер орнатылып, жұртшылыққа наурызкөже ұсынылды.
Сондай концерттік бағдарламалардың бірі – «Арнау» тұрғын үй кешенінің аумағында да ұйымдастырылды.
Аудан әкімдігі мен «BI Group» компаниясы бірлесе ұйымдастырған іс-шарада тұрғындар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Әкім орынбасары бүлдіршіннің тұсауын кесіп, қадамына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар балалар арқан тартып, спорттық сайыстарға жалғасты.
-->Биыл Наурыз мейрамы қаланың төрт ауданындағы ашық алаңдарда және елді мекендерде атап өтілуде. Мерекелік әндерді әр жерден естуге болады, сол сияқты жұртшылық жаңа піскен бауырсақтан, наурызкөжеден дәм татты, деп хабарлады Elorda.info.
Есіл ауданының тұрғындары да Наурыз мейрамын ерекше атап өтуде. Бірнеше қоғамдық кеңістік аумағында мерекелік концерттер ұйымдастырылып, киіз үйлер орнатылып, жұртшылыққа наурызкөже ұсынылды.
Сондай концерттік бағдарламалардың бірі – «Арнау» тұрғын үй кешенінің аумағында да ұйымдастырылды.
Аудан әкімдігі мен «BI Group» компаниясы бірлесе ұйымдастырған іс-шарада тұрғындар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Бүгін ауданымыздың 37 жерінде Наурыз мейрамы тойланып жатыр. Ұлыс оң, ақ мол болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұйымшылдықпен осылай мерекені атап өте берейік, - деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбек-ұлы.
Әкім орынбасары бүлдіршіннің тұсауын кесіп, қадамына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар балалар арқан тартып, спорттық сайыстарға жалғасты.