Қызылағаш су қоймасының құрылысы биыл аяқталады – министр
Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысындағы бірқатар су шаруашылығы нысандарын аралады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Алматы облысының су шаруашылығы нысандарының жұмысымен таныстым. "Жұмыспен қамтудың жол картасын" іске асыру аясында бұл өңірде Көксу тоғанын, Қаратал бөгенін, Үсек өзеніндегі су шаруашылығын қайта салу, Талдықорғанға жақын жердегі ирригациялық жүйені қайта қалпына келтіру бойынша 4 жоба іске асырылады", – деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
[caption id="attachment_16327" align="alignnone" width="960"] Фото ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен[/caption]
Оның сөзінше, жұмысы басталып кеткен бұл жобалардың іске асырылуы апаттық жағдайдағы нысандарды қалпына келтіруге, өңірді сумен қамтамасыз етуге, суармалы жерлерді көбейтуге жол ашып, нысанды қалпына келтіру мен ауыл шаруашылығында еңбек еткен халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар министр Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
"Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру барысымен танысып, жұмыс сапасына көз жеткіздім. Бұл жоба ауданды сумен қамтамасыз етуде, ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды. Қалпына келтіру жұмысының 90 пайызы орындалды. Биыл су қоймасы пайдалануға беріледі", – деді М.Мырзағалиев.