Елордадағы №86 мектепте Наурыз мейрамы ұлттық нақышта атап өтілді
Астанадағы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Нұр себелер, ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Мерекелік кеште қонақтар мектеп фойесіндегі оқушылардың қолынан шыққан қолөнер, қыш өнері, сурет өнер көрмесін тамашалады.
Шараға елордалық білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар, қонақтар қатысты.
Әз Наурыз шын мәніндегі халықтық мерекеге айналып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар молынан көрініс тапты.
Жастар спорт жарыстарын, шоу бағдарламаларды қызықтаса, үлкендер жағы түрлі салт-дәстүрлер мен театрландырылған көріністерді тамашалады.
Мектеп қабырғасында 5 киіз үй орнатылып, қонақтарға Наурыз мерекесінің ең басты символы – Наурыз көже таратылды.
Сондай-ақ, қонақтар Наурыз мейрамына орай құрылған «Ыбырай» ауылында «Сүйінші», «Шашу», «Қымыз мұрындық» атты салт- дәстүрлерді, «Абай» ауылындағы қазақтың құда түсу дәстүрін және «Шәкәрім» ауылында келін түсіру, «Ахмет» ауылында «Бесікке салу» сынды салт-дәстүрлерге куә болды. Ал «Мұхтар» ауылы қонақ күту, бата қайыру рәсімдерін ұсынды.
Көрермендерге тарих құпияларын ашқан театрландырылған қойылымнан кейін педагогикалық ұжымның мерекелік концерті тарту етілді. Қойылым қонақтардың көңілінен шықты.
Мереке қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, мектеп қабырғасында тігілген киіз үйлердегі ұйымдастырылған ұлттық ойындарға қатысты.
-->Астанадағы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Нұр себелер, ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Мерекелік кеште қонақтар мектеп фойесіндегі оқушылардың қолынан шыққан қолөнер, қыш өнері, сурет өнер көрмесін тамашалады.
Шараға елордалық білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар, қонақтар қатысты.
Жыл басы – Наурыз айын, жаңа жыл санауын қарсы алу, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды оқушы ұғымына, тәрбиесіне сіңіру және оқушыларды ауызбіршілік пен татулыққа, өзара сыйластық пен сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштік пен жақсы мінез-құлыққа баулу мақсатында өткізілді. Ұлттық нақыштағы білім ошағында өткізіліп отырған Наурыз мейрамы осымен мектепте үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Педагогтердің, ата-аналардың көмегімен өткізілуде,- деді мектеп директоры.