Елорда жаңалықтары

Елордада жыл басынан бері 6 адам меланома дертіне шалдыққан

Елімізде меланоманың анықталуы жыл сайын артып келеді. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында жиі кездеседі. 2021 жылы 4 мың адамда терінің қатерлі ісігі анықталған. Астанада жыл басынан бері 6 адамнан меланома дерті анықталған. Бүгінде науқастар Көпсалалы медицина орталығында емделіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Елордадағы Көпсалалы медицина орталығының онкодерматологі Марат Мәулетбаевтың сөзінше, меланоманың ашық реңкті адамдарда болу ықтималдылығы жоғары болып келеді.

-->

Терінің қатерлі ісігі күннің көзіне байланысты туындайтын ауру. Ол көп жағдайда күннен қорғанбаудың салдарынан болып жатады. Айына бір рет денедегі немесе басқа да нүктелі дақтарды мұқият тексерген жөн. Сондықтан да қатты ыстық күндері теріні қорғап, қажетті жақпамай жаққан дұрыс. Қазір күннен қорғану үшін түрлі косметикалық құралдар бар, одан бөлек жеңі бар киімдер киген де дұрыс. Негізі таңғы 10:00-ден кешкі 16:00-ге дейін күннің түсуі жоғары болады. Сондықтан да осы уақыт аралығында күн астында көп жүрмеу керек. Бүгінде біздің орталықта меланома анықталған 6 науқас ем қабылдап жатыр, - дейді Марат Мәулетбаев.