Елорда жаңалықтары

Елордада Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай жиын өтті

Бүгін Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын  қорғау күніне орай жиын өтті, деп хабарлады Elorda.info.

№4 қазақ мектеп-гимназиясында өткен жиынға «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Астана қаласының Заң консультанттары палатасының өкілдері, сондай-ақ, қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында Астана қаласының Заң консультанттары палатасы мен «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жылына Астанада құқығы бұзылған тұтынушылардан 20 мыңнан астам арыз келіп түседі.

Іс-шара соңында Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті атынан Халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін атап өту қарсаңында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы  біртұтас және тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудағы жоғары нәтижелі еңбегі мен ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі және қызметін мінсіз атқарғаны үшін бір топ азамат алғыс хатпен марапатталды.

-->

Әкімдік өкілдерімен аудан бойынша азық-түлік дүкендеріндегі тауарлардың бағасын тексеріп тұрамыз. Өйткені кейбір кәсіпкерлер бағаны көтереді. Кейде тауарда бір баға, ал кассада мүлде басқа баға көрсетілетін жағдайлар кездеседі. Ондай жағдай болмауы керек. Бұл – заң бұзушылық, - деді  «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев.

Жиын барысында Астана қаласының Заң консультанттары палатасы мен «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 Біз өз тарапымыздан тұтынушыларға арыздарды ресми түрде дұрыс жазу және оны құзырлы органдарға жіберу бойынша консультациялар береміз. Өйткені қазіргі кезде тұтынушылардың құқығы көп бұзылатынын естідік, - деді Астана қаласының Заң консультанттары палатасының өкілі Болат Бегімов.