Елордада «Ырыс алды – ынтымақ» атты іс-шара өтті
«Достық» үйінде Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды – ынтымақ» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық тәрбиені дәріптеу, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын күнделікті өмірде қолдану сондай-ақ мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін ұғыну.
Қазіргі кезде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – өз елінің дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп шығару, үлгілі отбасының шамшырағын жарқырату.
Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы» қарсаңында тұсаукесер және бата беру рәсімінен көріністер көрсетілді. Кейін жиналғандар наурыз көжеден дәм татты.
-->«Достық» үйінде Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды – ынтымақ» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.