Елорда жаңалықтары

Елордада оқырман қауымға «Алаш зиялыларының соңғы сөзі» атты кітап таныстырылды

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада белгілі журналист, алаштанушы Мәриям Әбсаттардың «Алаш зиялыларының соңғы сөзі» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл қазақ тарихында ерекше орын алатын оқиға, қазақ мемлекеттігінің бастауы саналатын Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толады. Сондай-ақ қазақты өркениет биігіне жетелеген, азаттықтың алғашқы қоңырауы атанған «Қазақ» газетіне – 110 жыл. Бүгінгі іс-шара осы айтулы екі датаға орайластырылып өткізілді. Кітаптың таныстырылымына автордың әріптес таныстары, достары мен танымал алаштанушы ғалымдар қатысты.

Бұл кітап – автордың 15 жыл бойғы ізденісінің нәтижесі. Асылдарымыздың артында қалған ұрпақтарының бүкпесіз әңгімесінен алынған. Ал автор олардың әрқайсысын іздеп Арқа мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр даланың о шеті мен бұ шетіне барып, тұлпардың тұяғындай текті ұрпақтардың естеліктерін, бастан кешірген тағдырларын қағаз бетіне түсірді.

Ешқандай цензурадан өтпеген алаш зиялылары туралы бұлтартпас бұл шындықтың ешкімді бейжай қалдырмасы анық.

-->

Осыдан он бес жыл бұрын 2007 жылы мен Қазақ радиосында «Алаш арыстары» атты хабар бастап, Әлихан, Ахмет, Міржақып аталарымыздың артында қалған ұрпақтарын іздеуге кірісіп кеттім. Сол кездің өзінде олардың саны сиреп қалған еді. Қатарлары күн санап азайып бара жатқан тұлпардың тұяғы болған ата-әжелерімізді дереу іздестіріп, естелік жинап қалуға тырыстым. Сонда бірегей тұлғалардың көбісінің артында ұрпақ қалмағанына қатты қапа болдым. Әкесінің атын өшірмейтін ұлдың қалмағанына қынжылдым, - дейді кітап авторы.