Елордалық 6 515 мектеп бітірушінің 95 пайызы ҰБТ тапсырады – Қадырова
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/05/%D0%B0%D0%B9.jpg)
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифингте биылғы ҰБТ туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бұған дейін айтқанымыздай, елорда мектептерін осы жылы 6 515 оқушы бітіреді. Олардың 95 пайызы, яғни 6 199 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. Ұлттық бірыңғай тест 25 маусым мен 5 шілде аралығында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып өткізілетін болады. Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут. 2 блоктан тұрады, 3 негізгі пән және 2 бейіндік пән. ҰБТ-да биылғы оқу жылындағы 11-сыныптың 4-тоқсанындағы бағдарламаның сұрақтары қамтылмайды. Яғни тест сұрақтары 5-11 сынып бағдарламасы мен 11-сыныптың І және ІІ тоқсанындағы оқыту бағдарламасынан тұрады», – деді басқарма басшысы.
-->![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/05/%D0%B0%D0%B9.jpg)