Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар бойынша телесабақ өткізіледі – Қадырова
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мемлекеттік қорытынды емтихандар өткізілмейтінін айта отырып, жылдық бағалау жұмыстар туралы сөз қозғап өтті. Сонымен қатар, отандық теларналарда кәсіптік телесабақ өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Орта білім беру саласы бойынша 25 мамырда барлық мектептерде кезекті оқу жылы аяқталады. Пандемия кезінде қашықтан оқыту форматына байланысты мемлекеттік қорытынды емтихандар өткізілмейді. Жылдық бағалауды өткізу үшін ұсынылған әдістемелік ұсынымдарды ескере отырып, мектептерде бөлім бойынша жиынтық жұмыстары және тоқсан бойынша жиынтық жұмыстары жүргізілді», - деп түсіндірді басқарма басшысы. Сонымен қатар, биыл мектеп бітіру іс-шарасы «Біргеміз түлек - 2020» ұранымен өтетінін жеткізді. «Бүгін, 22 мамырда сағат 15:00-де «Балапан», «Ел Арна» телеарналарында 11-сыныпты бітірген түлектерге арналған кәсіптік бағдар беру бойынша бірыңғай телесабақ көрсетіледі. Биыл мектеп бітіру іс-шарасы «Біргеміз түлек - 2020» ұранымен өтеді», - дейді ол.
-->Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мемлекеттік қорытынды емтихандар өткізілмейтінін айта отырып, жылдық бағалау жұмыстар туралы сөз қозғап өтті. Сонымен қатар, отандық теларналарда кәсіптік телесабақ өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Орта білім беру саласы бойынша 25 мамырда барлық мектептерде кезекті оқу жылы аяқталады. Пандемия кезінде қашықтан оқыту форматына байланысты мемлекеттік қорытынды емтихандар өткізілмейді. Жылдық бағалауды өткізу үшін ұсынылған әдістемелік ұсынымдарды ескере отырып, мектептерде бөлім бойынша жиынтық жұмыстары және тоқсан бойынша жиынтық жұмыстары жүргізілді», - деп түсіндірді басқарма басшысы. Сонымен қатар, биыл мектеп бітіру іс-шарасы «Біргеміз түлек - 2020» ұранымен өтетінін жеткізді. «Бүгін, 22 мамырда сағат 15:00-де «Балапан», «Ел Арна» телеарналарында 11-сыныпты бітірген түлектерге арналған кәсіптік бағдар беру бойынша бірыңғай телесабақ көрсетіледі. Биыл мектеп бітіру іс-шарасы «Біргеміз түлек - 2020» ұранымен өтеді», - дейді ол.