Елорда жаңалықтары

Елорданың Сарыарқа ауданында 2 заманауи базар салынады

«Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында «Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды элементі ретінде сауданы дамыту туралы» тақырыбында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада 2022 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша ЖАӨ құрылымындағы қызметтер мен сауда саласының үлесі 80% құрады, оның ішінде сауда саласы – 24%, қызмет көрсету саласы – 56%. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының жалпы көлемі 22%-ға өсіп, 7,7 трлн теңгені құрады.

Елордада 21 сауда базары жұмыс істейді (жалпы ауданы 270 мың шаршы метр 9 мың сауда орнына, оның ішінде 3 базар модернизациялау (Шанхай-Көк базар, Алтай, Ұлжан), заманауи форматқа көшу бойынша жобалық жұмыстар басталды.

Мемлекет басшысының базарларды монополиясыздандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Сарыарқа ауданында 10 млрд теңге жеке инвестиция сомасына 2 заманауи базар құрылысы жоспарлануда. Бұл жобаларды пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда сауда инфрақұрылымын дамыту аясында сақтау алаңы 70 мың шаршы метр болатын 35 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық жоба іске асырылуда. Елордада «1000 орын –көше саудасы» бағдарламасы аясында 540 қосалқы жалдау шарты жасалды. Барлығы 1 200-ден астам жұмыс орны құрылды. Бағдарламаға қатысушылар 1,1 млрд теңгеден астам инвестиция салды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық жәрмеңкелерді ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда.

-->