Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Филиппин мен Аустралиядағы елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
-->Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Филиппин мен Аустралиядағы елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.