Елорда жаңалықтары

3 қарашадан бастап «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады

3 қарашадан бастап «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады. Өтінім қабылдау 1 желтоқсанға дейін жалғасады. 

 Қатыса алады:

– Отбасы банкінің салымшылары;
– Шотында кемінде 2 млн ₸ жинағы бар азаматтар;
– Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үй тіркелмегендер.

Өтінім беру тәсілі:

Барлығы онлайн түрде Baspana Market порталы арқылы жүргізіледі.

Несиелеу шарттары:
 • Бастапқы жарна:
• 10% — таза әрленген жаңа үйге;
• 20% — әрленбеген немесе екінші нарықтағы үйге;
 • Сыйақы мөлшерлемесі:
• 7% — әлеуметтік осал топтарға;
• 9% — басқа қатысушыларға;
 • Несие сомасы:
• 30 млн ₸ — өңірлер үшін
• 36 млн ₸ — Астана мен Алматы үшін
 • Мерзімі: 19 жылға дейін

Тұрғын үй түрлері:
– Қала орталықтарындағы жаңа үйлер;
– Моноқалалар мен ауылдарда — жаңа және екінші нарықтағы үйлер.

Пәтерді Baspana Market порталынан таңдап, жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алу мүмкіндігі бар.