Елорда жаңалықтары

Алматы ауданында 184 мың әйел тұрады

Бүгін әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Woman's day» атты форум өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Форумға қатысушылар, ең алдымен, «Мойымаймын, бәрі алда» бейнеролигін тамашалады. Онда кейіпкерлер отбасы құндылықтары, әйелдің ана ретіндегі ерік-жігері туралы әңгімеледі.

Іс-шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Саматұлы қатысты.
Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген әкім бүгінгі іс-шараны әйелдердің тұлға ретінде және кәсіби тұрғыда дамуы үшін биік мақсаттар қойып, оған жетуге және жаңа дағды алуға үйренуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ол үшін форумға қатысуға тележүргізуші, журналист Қымбат Досжан, BINOM Schools басқарушы компаниясының директоры Шолпан Қадырова, іскер әйел Арай Әлімхан, ораторлық өнерден сабақ беруші,  "SSLAB_TV" негізін қалаушы Санди Сұлтан секілді түрлі салада жетістікке жеткен танымал сарапшылар шақырылды. TedX форматында өткен форумда олар әйелдің қоғамдағы рөлі жайлы айтты.

Форум барысында қатысушыларға концерттік бағдарлама қойылып, ұйымдастырушылар әйелдер қауымына керемет көңіл-күй сыйлады. Қонақтар алдында Қыдырәлі Болманов, Әлихан Дүйсенбай, Дастан Оразбаев сияқты эстрада әншілері ән шырқады.
Іс-шара соңында аудан әкімі үш көпбалалы анаға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Форумның негізгі мақсаты - отбасы құндылықтарын сақтай отырып, әйелдердің тұлға ретінде қалыптасып, өзін-өзі дамытуға жәрдемдесу.

Айта кетейік, Алматы ауданында 184 мың әйел, 9 мыңға жуық көп балалы ана тұрады.

Аяулым Серікқызы 

-->

Залда әртүрлі салаларда жетістікке жетіп, табысты түрде жұмыс істеп жүрген нәзік жандылар жиналып отыр. Олардың қатарында дәрігерлер, педагогтер, коммуналдық сала қызметкерлері, іскер әйелдер және көпбалалы аналар бар. Біздің қазіргі қоғамда әйел - өз отбасының ұйытқысы, бірлігін ойлайтын адам ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің өмірі мен саяси мәселелеріне белсенді түрде қатысатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйелдерді әлеуметтік қорғауға, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Форумға тұлға ретінде дамып, көпшілікке танымал болған сарапшы қыз-келіншектерді тарттық. Біздің ойымызша, бұл форум жеке және кәсіби даму үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ жоғары мақсаттар қоюды және оған жетуді үйренуге мүмкіндік береді. Шынында да, қазіргі уақытта қоғамның ешбір саласын нәзік жандыларсыз елестету мүмкін емес, - деді аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде.