Астаналық ардагерлерге Жеңіс күнінде 800 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Астана қаласы маслихатының құжатында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне қосымша 30 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін, - делінген құжатта.
Құжатты ашық талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.