Елорда жаңалықтары

«Birgemiz: Түлек 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасы әзірленді

Биылғы 11-сынып бітіруші жас түлектерге аттестат тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері өтеді. Осы ретте «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасы әзірленді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұжырымдамаға сәйкес, мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тәртібі ұсынылды. Талап бойынша іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы – 20 минут. Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады. Жиналғандар міндетті түрде медициналық бетперде тағып, қашықтықты сақтау керек. 

-->