Елорданың ХҚКО-да құжаттандыру терминалы іске қосылды
Астананың Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттандыру терминалы іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды.
Оның сөзінше, әзірге мұндай терминал тек Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 4/1 үйде орналасқан ХҚКО-да орнатылған. Алдағы уақытта осы жобаны барлық өңірде іске асыру жоспарланып отыр.
-->Астананың Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттандыру терминалы іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды.
Бүгін Ішкі істер министрі Марат Мұратұлы Ахметжановпен бірге жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеуге арналған жаңа терминалдың тұсаукесеріне қатыстық. Енді қазақстандықтар құжаттарды өз бетінше әрі жылдам алуға өтінім бере алады.
Кезек күтуге, содан кейін көші-қон қызметінің қызметкерінен тіркеуден өтіп, суретке түсіп, төлем жасау үшін кассаға бөлек жүгіруге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжаттау терминалы бәрін бір жерде жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар әрбір адам құжат үшін сәтті түскен фотосуретін өз бетінше таңдай алады. Процесс 10 минут уақыттан аспайды.
Алайда, қателіктер мен түсініспеушіліктерді болдырмау үшін өтініш берушіге көші-қон қызметінің қызметкеріне жүгіну қажет болады. Ол өтініштің, фотосуреттің және қолтаңбаның сәйкестігін тексереді, – дейді министр.
Оның сөзінше, әзірге мұндай терминал тек Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 4/1 үйде орналасқан ХҚКО-да орнатылған. Алдағы уақытта осы жобаны барлық өңірде іске асыру жоспарланып отыр.
Мұндай жаңашылдықтар – біздің қоғам мен мемлекеттік органдарды бюрократиядан арылтуға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығына және invisible government (көрінбейтін мемлекет) тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған кезекті қадам. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде бірнеше рет айтқан болатын. Біз қызмет көрсету саласының сапалы әрі жедел болуын қамтамасыз етуге тырысатын боламыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жобаны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, оның ішінде Көші-қон қызметі комитетімен және ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып әзірледі. Әріптестеріме қажырлы еңбегі мен жобаны іске асыруға жәрдемдескендері үшін алғыс айтқым келеді, – деп жазды министр.