«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 30 мыңнан астам өтінім қабылданды
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 345,85 млрд теңге сомасына 30 324 өтінім қабылданды. Бұл туралы Елорда Инфо Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Нәтижесінде 203,08 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 666 өтінім мақұлданды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша барлық сұрақтарды «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында барлық ақпарат көрсетілген.
-->«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 345,85 млрд теңге сомасына 30 324 өтінім қабылданды. Бұл туралы Елорда Инфо Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Нәтижесінде 203,08 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 666 өтінім мақұлданды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша барлық сұрақтарды «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында барлық ақпарат көрсетілген.