Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек «Теміржолшылар» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек  «Теміржолшылар» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек  «Теміржолшылар» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Қаланың аудандары мен елді мекендерінің тұрғындарымен кездесуді ары қарай жалғастырамын. Әрбір елді мекеннің өзіне тән күрделі әрі жүйелі проблемалары бар. «Теміржолшылар» елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Олар бірқатар мәселені қозғады: электр, сумен жабдықтау, кәріз, жолдар мен тротуарлар салу, қосымша маршруттарды іске қосу, интернет және т.б. Негізгі мәселелерге тоқталып өтейін.

Электр энергиясы - бұл елді мекеннің негізгі мәселелерінің бірі. Осыған дейін Қазбек қосалқы станциясы бойынша жұмыс басталған болатын. Біз жобаға енгізілетін түзетуді жазда аяқтап, келесі жылы қосалқы электр станциясының құрылысын толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Су қысымы бойынша - халықтың өсімін ескерер болсақ, қалада қосымша су көлеміне қажеттілік бар. Жаңа ауыз су станциясының құрылысы қазір аяқталу сатысында тұр, мамыр айында іске қосылады, ал ССС-3 тамыз айына дейін толық қуатта жұмыс істеу тәртібіне көшеді. Осылайша, су мәселесі тек елді мекенде ғана емес, бүкіл қала бойынша шешіледі.

Сол сияқты аясы тар медицина мамандарын тарту жайы көтерілді, бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Бұдан бөлек биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады. Оның базасында спорттық және шығармашылық үйірмелер ашылады.

Сонымен қатар жазда кезең-кезеңімен жаңа автобустар жеткізіле бастайды. Биыл 500-ге тарта автобус (оның ішінде жеке инвесторларды жұмылдыру ескеріледі) жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғындар үшін автобустардың күту уақытын қысқартуға, олардың желідегі санын арттыруға, жаңа маршруттарды іске қосуға және т.б. мүмкіндік береді.

Көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, оларды іске асыру уақыты туралы хабардар етеміз, - деп жазды қала әкімі Жеңіс Қасымбек.