Елордада көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі
8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің тізімдері негізінде жүргізеді.
Айта кетейік, әлеуметтік көмек Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде табысы аз азаматтарға төленетін болады.
-->8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» мәслихат шешіміне сәйкес 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын 30 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген, - делінген басқарма хабарламасында.