Елорда жаңалықтары

Астанада бір айда 19 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Астанада 1 ақпаннан 10 наурызға дейін “Қоғамдық қауіпсіздік" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара басталғаннан бері полицейлер жалға берілетін 32 мыңнан астам пәтерді, көңіл көтеретін орындарды, құрылыс нысандарын, спа-салондарды және т.б. тексерді. 6 мыңнан астам қараусыз қалған және саяжай үйлеріне аралау жүргізілді. 6 мыңға жуық азаматтық қару иелері және ІІО-да есепте тұрған 12 мыңға жуық адам тексерілді. ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 31 азамат елден шығарылды.

Бұдан басқа, полицейлер апаттылықты азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, көлікті мас күйінде басқару фактілері бойынша шараларды күшейткен. 

Сонымен, 2 500-ден астам азамат жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзды, 192 жол қозғалысына қатысушы апаттық жағдай туғызып, жол қозғалысы ережелерін бұзды, 66 бұзушы жолдың қарсы жолағына шыққан, 357 жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына өтті. 

"Қоғамдық қауіпсіздік" ЖАШ басталғаннан бері 159 мас жүргізуші анықталды. Көлік құралын мас күйінде басқарған бес жүргізуші анықталды, олар бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Барлық құқық бұзушылар ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның санкциясы шектеу немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылыққа әкеп соғады.

-->

19 358 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің 356 фактісі, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауының 56 фактісі, 241 ұсақ бұзақылық, 1 733 тыныштық бұзушылық, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және көңіл көтеретін орындарына жіберудің 310 фактісінің жолы кесілді, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.  

Бұдан басқа, полицейлер апаттылықты азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, көлікті мас күйінде басқару фактілері бойынша шараларды күшейткен. 

Сонымен, 2 500-ден астам азамат жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзды, 192 жол қозғалысына қатысушы апаттық жағдай туғызып, жол қозғалысы ережелерін бұзды, 66 бұзушы жолдың қарсы жолағына шыққан, 357 жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына өтті. 

"Қоғамдық қауіпсіздік" ЖАШ басталғаннан бері 159 мас жүргізуші анықталды. Көлік құралын мас күйінде басқарған бес жүргізуші анықталды, олар бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Барлық құқық бұзушылар ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның санкциясы шектеу немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылыққа әкеп соғады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзбауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз, - деді Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.