Елорда жаңалықтары

Туған күн тойлаған Қосшы тұрғындары коронавирус жұқтырды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қосшыда екі ауру ошағы бар екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Соңғы күндері Қосшы ауылында 15 жағдай тіркелді. Бұл 15 жағдай екі ошақта анықталды. Олардың бәрі туыстар. Осы азаматтардың сегізі туған күнге барып, ауру жұқтырып алған», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бас санитарлық дәрігер "Бұл тұрғындардың карантин режимін сақтамауының нәтижесі" дейді.

-->