Елорда жаңалықтары

Еңбек ұжымдарында коронавирус жұқтырғандар саны артып кетті – Есмағамбетова

ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Сәуір-мамыр айларында ауырғандардың 66 пайызы белсенді болып саналады. Олардың басым бөлігі – симптомсыз формадағы науқастар. Өткен аптадағы скринингтік тексеріс көрсеткіші 80 пайызды құрап отыр. Науқастар санының артуының екінші себебі, жабық ұжымдарда болып отыр. «Теңіз» кен орнында науқастар санының артуы анықталды. Онда бүгін 935 жағдай тіркелген. Шымкентте де «Петро Казахстан ойл продакшн» ЖШС-те 101 жағдай, мердігер ұйымдарда 23, ал байланыста болған үй карантиніндегілер арасында 69 жағдай анықталды. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды облысындағы кен орындарының бірінде 34 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта «Теңіз» кен орнына Үкімет жанындағы комиссия мүшелері барып, ондағы ауру деңгейін төмендету бойынша жоспар құрылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер ондағы жағдай тұрақталмаса, жұмысшылар оқшауландырылып, кен орны уақытша жабылуы мүмкін», – деді ол.

-->