Коронавирустық инфекцияға қарсы күресте ерекше көзге түскендерге медаль беріле ме?
Қазақстанда «Халық алғысы» медалі тағайындалуы мүмкін. Мұндай медальді коронавирустық инфекцияға қарсы күресте ерекше көзге түскен азаматтарға берілу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Әлеуметтік желілерде елімізде жақында тағы бір жаңа марапат берілуі туралы түрлі хабарламалар таратылып жатыр. Бұл COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алуға және онымен күреске жұмылдырылған тұлғаларға құрмет көрсету мақсатында ұсынылған «Халық алғысы» медалінің үлгісі.
Ашық үкімет порталында мұндай медаль тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт-Тоқаевтың Жарлығының жобасы жарияланды.
Онда Жарлықтың жобасымен қатар медальдің сипаттамасы да қоса берілген.
«Халық алғысы» медалі белгіден және тағаннан тұрады. Медальдің белгісі алтын түстес жезден жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер болады. Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе «Birgemiz» логотипінің бейнесі жасалған. Медальдің жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Медальдің төменгі жағында «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» деген жазу бар.
Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020» деген жазу бар.
Медаль алтын түстес жезден жасалған құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм өлшемді тікбұрышты тағанмен жалғасады. Ортаңғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналастырылған. Тағанның түсі ашық көк түспен құйылған.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері бүйірлермен шектеседі. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визарлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан.