Елорда жаңалықтары

Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін кезең-кезеңімен аяқтаймыз – Жеңіс Қасымбек

Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғыни үй кешені бар, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-парақшасында жазды. 

Сондай-ақ әкім «Тұмар» тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездесті. Құрылысы ұзаққа созылған «Территория комфорта-1» бойынша сұрақтар қозғалды.

 

-->

Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғыни үй кешені бар, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-парақшасында жазды. 

Достар, өздеріңіз білетіндей қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады.

Мен үлескерлермен үнемі кездесіп тұрамын. Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – «Алтын бұлақ» және «Садовые кварталы» тұрғын үй кешендері. Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы. Мәселен «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды, – деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ әкім «Тұмар» тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездесті. Құрылысы ұзаққа созылған «Территория комфорта-1» бойынша сұрақтар қозғалды.