Елордада дәстүрлі автофестиваль өтті
Елорда маңында авто және мотокөліктердің дәстүрлі фестивалі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша,жарысқа 100-ден астам шабандоз келген. Қызықтап, таң-тамаша болып жүрген жұртта да есеп жоқ. Қыстың қытымыр аязында өткен тартыс жайында тілшімізден білейік.
Өрге ұмтылған көлік, дуылдаған халық. Күннің ызғарына қарамастан авто және мото-көліктер жарсына астаналықтардан бөлек, өзге шаһарлардың шабандоздары да көптеп жиналған. Қары қалың түсетін Арқа төсіне Семей, Қостанай, Алматы мен Павлодар тұрғындары ағылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге 100-ден астам қатысушы тіркелді. Олар мотоцикл, квадроцикл, багги, жеңіл авто, кроссовер, жол талғамайтын көлік сияқты түрлі техникасын сайлап шыққан. Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінде қатысушылар өрге қарай зымыраса, екіншісінде тегіс алаңда жарысады. Айта кетерлігі, кәсіби шабандоздармен бірге әуесқойлар да бақ сынауға келіпті.
Өрге шығудан жеңімпаз атанған шабандоздарға 500 мың теңге көлеміндегі жүлде тағайындалған. Тегіс алаңдағы жарыста озып шыққандар да бағалы сыйлықтармен марапатталады.
-->Елорда маңында авто және мотокөліктердің дәстүрлі фестивалі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша,жарысқа 100-ден астам шабандоз келген. Қызықтап, таң-тамаша болып жүрген жұртта да есеп жоқ. Қыстың қытымыр аязында өткен тартыс жайында тілшімізден білейік.
Өрге ұмтылған көлік, дуылдаған халық. Күннің ызғарына қарамастан авто және мото-көліктер жарсына астаналықтардан бөлек, өзге шаһарлардың шабандоздары да көптеп жиналған. Қары қалың түсетін Арқа төсіне Семей, Қостанай, Алматы мен Павлодар тұрғындары ағылды.
Үш жыл бұрын Астананың сыртындағы осы жерді фестиваль өткізуге қолайлы деп таптық. Міне содан бері іс-шараны жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Жыл өткен сайын қатысушылардың қарасы қалыңдай түседі. Адамдар осы жерге келіп темір тұлпарын сынайды,- деді фестиваль ұйымдастырушысы Асхат Байғозынов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге 100-ден астам қатысушы тіркелді. Олар мотоцикл, квадроцикл, багги, жеңіл авто, кроссовер, жол талғамайтын көлік сияқты түрлі техникасын сайлап шыққан. Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінде қатысушылар өрге қарай зымыраса, екіншісінде тегіс алаңда жарысады. Айта кетерлігі, кәсіби шабандоздармен бірге әуесқойлар да бақ сынауға келіпті.
Біз мұнда жеңіс үшін емес, жарыстан ләззат алуға келдік. Алдын ала дайындығы бар дегендей, бірнеше күннен бері іс-шараның қызығына батып жүрміз. Бір жағынан өз күшімізді сынауға, екіншіден өзге қатысушылардың шамасын бағамдауға келдік,- деді фестивальге қатысушы Сергей Моисеев.