Өртеніп жатқан көліктен екі баланы құтқарып қалған елордалық азамат марапатталды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сабит Битаев өрт кезінде ерлік көрсеткен Болат есімді батырды марапаттады. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 17 мамырда сағат 11:50 минутта Дүкенұлы көшесінде автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері сағат 11.55 минутта оқиға орнына жеткенде «Nissan-Terrano» маркалы автокөлік жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 11.59 минутта ауыздықталып, сағат 12.02 жойылды. Өрттің болжамды себебі: қозғалтқыш бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 12 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртеніп жатқан автосалоннан куәгер 2014 және 2015 жылғы балаларды құтқарып қалды. Жанынан өтіп бара жатқан адам куәгер болдып шықты. Түтінді көрген Болат автокөлікке қарай жүгіріп, ішінде екі кішкентай баланы көрді. Көп ойланбастан балаларды құтқаруға кірісті. Қуанышқа орай жанып жатқан көліктің терезесі ашық болатын, Болат балаларды бірден алып шықты. Ерлік пен батыл іс-әрекеттерінің, дұрыс шешім қабылдай білудің арқасында кішкентай балалардың өмірі сақталып қалды.
-->Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сабит Битаев өрт кезінде ерлік көрсеткен Болат есімді батырды марапаттады. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 17 мамырда сағат 11:50 минутта Дүкенұлы көшесінде автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері сағат 11.55 минутта оқиға орнына жеткенде «Nissan-Terrano» маркалы автокөлік жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 11.59 минутта ауыздықталып, сағат 12.02 жойылды. Өрттің болжамды себебі: қозғалтқыш бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 12 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртеніп жатқан автосалоннан куәгер 2014 және 2015 жылғы балаларды құтқарып қалды. Жанынан өтіп бара жатқан адам куәгер болдып шықты. Түтінді көрген Болат автокөлікке қарай жүгіріп, ішінде екі кішкентай баланы көрді. Көп ойланбастан балаларды құтқаруға кірісті. Қуанышқа орай жанып жатқан көліктің терезесі ашық болатын, Болат балаларды бірден алып шықты. Ерлік пен батыл іс-әрекеттерінің, дұрыс шешім қабылдай білудің арқасында кішкентай балалардың өмірі сақталып қалды.