Мамыр айында 12 бала терезеден құлап кетті – ІІМ
Жыл басынан бері ересектердің қарауынсыз қалған 26 бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Елорда Инфо Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ішкі істер министрлігі кішкентай балалардың терезеден құлап кету жағдайларына алаңдаушылық білдіреді. Алдын алу жұмыстары үнемі жүргізілетініне қарамастан, қайғылы жағдайлар саны өсуде. Жыл басынан бері көп қабатты үйлердің терезесінен 26 бала құлап кеткен. Олардың жартысы (12 оқиға) - мамырдың айындағы 20 күн ішінде орын алған. Үлкендердің қараусыз қалдыруы салдарынан терезеден абайсызда құлап кететін балалардың көбі 2 мен 8 жас аралығында. «Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуы, сондай-ақ коронавирустың таралуына байланысты тұрғындар пәтерлерді жиі желдете бастады. Карантин жағдайында балалар көп уақыттарын үйде өткізеді. Балалар ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін білмей, жақын барып ойнайды. Қазіргі заманғы терезелердің балалардың өздері ашып алуына ыңғайлы екенін есте ұстау қажет», деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі. ІІМ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
-->Жыл басынан бері ересектердің қарауынсыз қалған 26 бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Елорда Инфо Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ішкі істер министрлігі кішкентай балалардың терезеден құлап кету жағдайларына алаңдаушылық білдіреді. Алдын алу жұмыстары үнемі жүргізілетініне қарамастан, қайғылы жағдайлар саны өсуде. Жыл басынан бері көп қабатты үйлердің терезесінен 26 бала құлап кеткен. Олардың жартысы (12 оқиға) - мамырдың айындағы 20 күн ішінде орын алған. Үлкендердің қараусыз қалдыруы салдарынан терезеден абайсызда құлап кететін балалардың көбі 2 мен 8 жас аралығында. «Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуы, сондай-ақ коронавирустың таралуына байланысты тұрғындар пәтерлерді жиі желдете бастады. Карантин жағдайында балалар көп уақыттарын үйде өткізеді. Балалар ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін білмей, жақын барып ойнайды. Қазіргі заманғы терезелердің балалардың өздері ашып алуына ыңғайлы екенін есте ұстау қажет», деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі. ІІМ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.