«Bolashaq» қауымдастығы «Жастар және инновация» жобасын ұйымдастырады
«Bolashaq» қауымдастығы «Жастардың инновациялық белсенділігін дамыту жобасын бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жастар және инновация» жобасының негізгі мақсаты жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау. Жобаны іске асыру барысында инновация саласындағы танымал тұлғалармен және де кәсіпкерлермен форум, мастер-класстар, шеберлік сыныптарын өткізу күтілуде, сонымен қатар белсенді қатысушылар үшін елдің жетекші компаниялар мен орталық мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту жоспарлануда. Сонымен қатар «Кітап оқуды халық арасында насихаттау жобасының аясын кеңейтпек. «Жобаның мақсаты кітаптарды кез-келген адамға уақытша пайдалануға беру үшін, қоғамдық кітап сөрелерін орнату арқылы кітап оқитын халықтың санын арттыру, кітап оқу мәдениетін насихаттау және азаматтардың білім деңгейін көтеру. «Bolashaq Books» әлеуметтік маңызы бар жобасы осы жылы өз ауқымын кеңейтуде, енді еліміздін барлық өңірлерінде, қоғамдық кітаптар желісі пайда болады, кем дегенде 20 сөре орнату жоспарланып отыр», делінген хабарламада. Жоба аясында әйгілі жазушылармен кітап әуесқойларымен кездесулер, бағалы сыйлықтармен конкурс өткізіледі. Жобаларды «Bolashaq» Қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырыруда.
-->«Bolashaq» қауымдастығы «Жастардың инновациялық белсенділігін дамыту жобасын бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жастар және инновация» жобасының негізгі мақсаты жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау. Жобаны іске асыру барысында инновация саласындағы танымал тұлғалармен және де кәсіпкерлермен форум, мастер-класстар, шеберлік сыныптарын өткізу күтілуде, сонымен қатар белсенді қатысушылар үшін елдің жетекші компаниялар мен орталық мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту жоспарлануда. Сонымен қатар «Кітап оқуды халық арасында насихаттау жобасының аясын кеңейтпек. «Жобаның мақсаты кітаптарды кез-келген адамға уақытша пайдалануға беру үшін, қоғамдық кітап сөрелерін орнату арқылы кітап оқитын халықтың санын арттыру, кітап оқу мәдениетін насихаттау және азаматтардың білім деңгейін көтеру. «Bolashaq Books» әлеуметтік маңызы бар жобасы осы жылы өз ауқымын кеңейтуде, енді еліміздін барлық өңірлерінде, қоғамдық кітаптар желісі пайда болады, кем дегенде 20 сөре орнату жоспарланып отыр», делінген хабарламада. Жоба аясында әйгілі жазушылармен кітап әуесқойларымен кездесулер, бағалы сыйлықтармен конкурс өткізіледі. Жобаларды «Bolashaq» Қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырыруда.