Елордада әдеби-танымдық кеш өтті
Бүгін елордада ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың жарық жұлдызы» атты әдеби-танымдық кеш өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Әдеби-танымдық кешті Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қалалық әкімдіктің «Руханият» мекемесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш 4 бөлімнен тұрды.
Бүгінгі іс-шараға кітапхана қаламгерлері, өнер майталмандары, мектеп оқушылары, студенттер және оқырмандар қатысты.
Сондай-ақ кітапханада «Руханият» мекемесінің ұсынысы бойынша ұйымдастырылған «Тілім менің таусылмайтын байлығым» атты кітап көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге тіл мамандары мен ақын-жазушылардың 60-қа жуық кітабы қойылған.
-->Бүгін елордада ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың жарық жұлдызы» атты әдеби-танымдық кеш өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Әдеби-танымдық кешті Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қалалық әкімдіктің «Руханият» мекемесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жастарды елжандылыққа, тілімізді құрметтеуге, Отанын сүюге, әдебиетке құштар болуға тәрбиелеу. Жалпы әдеби-танымдық кештер кез келген адамға жақсы әсер сыйлайды. Адамның кітапқа, проза мен поэзияға қызығушылығы оянады, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Абылгазина.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш 4 бөлімнен тұрды.
Бүгінгі әдеби-танымдық кеш 4 бөлімнен тұрады. Біріншісі – «Жүрек сөзінің жыршысы». Мұнда оқушылар мен студенттер ақын өлеңдері мен поэмаларынан үзінді оқиды. Ал «Мағжан тілі – халықтың үні» бөлімінде кешке келген зиялы қауым және өнер майталмандарымен сыр-сұхбат болады. «Мен жастарға сенемін» атты үшінші бөлімде кітапхана қызметкерлері әзірлеген бейнебаян көрсетіледі. Ал соңғы бөлімде Мағжан Жұмабаевтың өлеңіне жазылған әндер шырқалады, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» мекемесінің өкілі Серік Молдабек.
Бүгінгі іс-шараға кітапхана қаламгерлері, өнер майталмандары, мектеп оқушылары, студенттер және оқырмандар қатысты.
Мұнда келген көрермендер ақын мұраларын тыңдау арқылы рухани ләззат алады. Білім көкжиектері кеңейіп, рухтанып қайтады. Жастарға сеніп кеткен Мағжанның өлеңдерін оқыған кез келген жас өрең шабыт алып, қайраттанып қайтады деген ойдамын, - деді Серік Молдабек.