Елорда жаңалықтары

Елордада бір күнде 120 жол-көлік оқиғасы болды

Астанада полиция қызметкерлері тұрғындарға ауа райының нашарлауы туралы ескертіп, барынша мұқият болуын сұрап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық ПД мәліметінше, 20 ақпан күні таңертең елордада 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде гаджеттерін жинап, құлаққаптарды шешіп, жолда көліктің жоқтығына көз жеткізу керек екенін еске салды.

Сондай-ақ полиция елорда тұрғындарынан қаланы қардан тазартатын коммуналдық қызметтерге түсіністікпен қарауды және жеке көлікті жол бойында қалдырмауды сұрайды.

-->