Елорда жаңалықтары

Коронавирустан емделіп шыққандардың денсаулығында қандай өзгеріс болады

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандардың алдағы уақытта денсаулығында қандай әсері болу мүмкін екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандардың денсаулығында өзгерістер болатыны белгілі. Ең алдымен бұл пациенттің жасына байланысты. Одан кейін стационарға қандай кезеңде түскені, сондай-ақ асқынудың қай түріне жеткені әсер етеді. Әрине, ең алдымен күш иммундық жүйеге түседі. Осыған дейін айтқанымыздай, науқастардың шамамен 4 пайызы интенсивті терапияны қажет етеді», - деді Сәуле Қисықова. Басқарма басшысы өз сөзінде инфекциялық стационардан емделіп шыққандарға коронавирустың салдарынан сауықтыру шараларын өту жайлы кеңес берілетінін мәлім етті.

-->