Елордада 130 балабақша жұмысына қайта кірісті
2020 жылдың 18 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында 130 мектепке дейінгі білім беру нысаны өз жұмысына қайта кірісті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нұр-Сұлтан қаласында жалпы саны 377 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. 18 мамырдағы жағдай бойынша төтенше жағдай режимі алынған соң білім беру нысандары кезекші топ режимінде жұмысына кірісті. 130-ға тарта ұйымда кезекші топ ашылды. Оған 1 300-ден аса бүлдіршін барды», - дейді қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Лаура Әлеуханова «Хабар 24» телеарнасына берген пікірінде. Оның айтуынша, кезекші топтар ашылар алдында жағдайын тексеру үшін басқарма қызметкерлері балабақшаларды аралап шыққан. «Олар санитарлық талаптарды толықтай орындады. Сенбілік ұйымдастырып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізді. Бұл топтар алдымен жұмысына байланысты баласын қалдыратын жер таппаған ата-аналарға арналған», - дейді Лаура Әлеуханова. Ол сөз арасында бас санитарлық дәрігер әзірлеген барлық нормалар тұрақты түрде сақталатынын айтып сендірді. «Тіпті баланы қабылдап аларда денсаулығы жайлы учаскелік дәрігердің анықтамасы талап етіледі», - деді ол. Басқарма өкілі маусым айынан бастап балабақшалар толық штатта жұмыс істеуге көшу туралы жоспарланып отырғанын жеткізді.
-->2020 жылдың 18 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында 130 мектепке дейінгі білім беру нысаны өз жұмысына қайта кірісті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нұр-Сұлтан қаласында жалпы саны 377 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. 18 мамырдағы жағдай бойынша төтенше жағдай режимі алынған соң білім беру нысандары кезекші топ режимінде жұмысына кірісті. 130-ға тарта ұйымда кезекші топ ашылды. Оған 1 300-ден аса бүлдіршін барды», - дейді қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Лаура Әлеуханова «Хабар 24» телеарнасына берген пікірінде. Оның айтуынша, кезекші топтар ашылар алдында жағдайын тексеру үшін басқарма қызметкерлері балабақшаларды аралап шыққан. «Олар санитарлық талаптарды толықтай орындады. Сенбілік ұйымдастырып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізді. Бұл топтар алдымен жұмысына байланысты баласын қалдыратын жер таппаған ата-аналарға арналған», - дейді Лаура Әлеуханова. Ол сөз арасында бас санитарлық дәрігер әзірлеген барлық нормалар тұрақты түрде сақталатынын айтып сендірді. «Тіпті баланы қабылдап аларда денсаулығы жайлы учаскелік дәрігердің анықтамасы талап етіледі», - деді ол. Басқарма өкілі маусым айынан бастап балабақшалар толық штатта жұмыс істеуге көшу туралы жоспарланып отырғанын жеткізді.