Елорда жаңалықтары

Проблемаларды кезең-кезеңімен шешетін боламыз – Жеңіс Қасымбек

Бүгін қала әкімі Жеңіс Қасымбек бірнеше көшенің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

Бүгін қала әкімі Жеңіс Қасымбек бірнеше көшенің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Қаланың оң жағалауында Күмісбеков - Қосшығұлұлы - Жамбыл - Жангелді көшелерінің (Сарыарқа ауданы) арасын алып жатқан шаршы аумақ бар. Осы аралықта түйткілді проблемалар бар. Олардың шешілуі қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне әсер етеді. Жұмыс кестесін белгілеу үшін тұрғындармен кездестім. Проблемаларды кезең-кезеңімен шешетін боламыз.

Кездесуде тұрғындар Күмісбеков көшесін жаңғырту жұмысын аяқтау, кәріз сорғы станциясы, Жамбыл көшесіндегі гараждарды бұзу, гүлзарларды абаттандыру, тығыз салынған құрылыс нысандары және т.б. мәселелерді көтерді. Мәселен осыған дейін бір тұрғын үй кешенінің және 7 қабатты паркингтің құрылысы тоқтатылған болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша «Ақерке» және «Целиноград» тұрғын үй кешендерінің арасындағы аумақ гүлзар салу үшін белгіленген.

Күмісбеков көшесін (Жангелді көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін) жаңғырту жұмысына келер болсақ, сот ісіне байланысты бірнеше жылға созылды. Қазір көше құрылысының жобасы түзету сатысында тұр. Осыдан кейін бұл көшенің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тұрғындармен ең бірінші кезекте атқарылуы тиіс жұмысты белгілейміз, - деп жазды әкім.