Қазақстандықтар үш күнде 100 мыңға жуық теміржол билетін сатып алды
Қазақстан бойынша ішкі рейстерге теміржол билеттері сатылымға шыққалы, яғни 2020 жылдың 15 мен 17 мамыр аралығында 96 мың билет сатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттары (билеттер) bilet.railways.kz веб-сайтында, сондай-ақ «ҚТЖ Билеттері» мобильді қосымшасы немесе басқа да веб-сайттар мен өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылар арқылы ресімделетінін еске салады. «Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін мемлекеттің бас санитарлық дәрігері вокзалдар мен пойыздарда санитарлық-карантиндік режимді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар талаптарды енгізді. Осыған орай біз жолаушылардан үйлерінен шықпай, билеттерді онлайн түрде сатып алуларын сұраймыз», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан аумағында жолаушылар теміржол тасымалы қайта жанданады.
-->Қазақстан бойынша ішкі рейстерге теміржол билеттері сатылымға шыққалы, яғни 2020 жылдың 15 мен 17 мамыр аралығында 96 мың билет сатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттары (билеттер) bilet.railways.kz веб-сайтында, сондай-ақ «ҚТЖ Билеттері» мобильді қосымшасы немесе басқа да веб-сайттар мен өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылар арқылы ресімделетінін еске салады. «Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін мемлекеттің бас санитарлық дәрігері вокзалдар мен пойыздарда санитарлық-карантиндік режимді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар талаптарды енгізді. Осыған орай біз жолаушылардан үйлерінен шықпай, билеттерді онлайн түрде сатып алуларын сұраймыз», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан аумағында жолаушылар теміржол тасымалы қайта жанданады.