Елорда мектептеріндегі бейнекамералар Жедел басқару орталығына қосылған
Елордадағы барлық мектептердің бейнебақылау камералары Жедел басқару орталығына қосылған. Бұл туралы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Данияр Шымырқұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Inform.kz жазуынша, елордада 93 мектеп бар. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әр мектепте семинарлар өткізеді, бейнероликтер көрсетеді. Барлық 93 мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Соңғы деректер бойынша, Астанада терроризм актісі туралы жалған хабарламалар жиілеп кеткен. Биыл 102 арнасына 7 қоңырау келіп түсті, қылмыстық істер тіркелмеген.
-->Елордадағы барлық мектептердің бейнебақылау камералары Жедел басқару орталығына қосылған. Бұл туралы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Данияр Шымырқұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Inform.kz жазуынша, елордада 93 мектеп бар. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әр мектепте семинарлар өткізеді, бейнероликтер көрсетеді. Барлық 93 мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Бізде тұрақты негізде семинарлар өткізіледі. Қолдан жасалған құрылғыны анықтау бойынша сабақтар өткіземіз. Қазіргі уақытта елордалық мектептердегі барлық камералар Жедел басқару орталығына қосылған. Біз бәрін онлайн режимде көреміз, бақылаймыз. Барлық мектептер турникеттермен, күзетпен қамтылған, мектептерді үнемі тексеріп отырамыз, - деді Данияр Шымырқұлов.
Соңғы деректер бойынша, Астанада терроризм актісі туралы жалған хабарламалар жиілеп кеткен. Биыл 102 арнасына 7 қоңырау келіп түсті, қылмыстық істер тіркелмеген.