Астанада жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешу жолдары айтылды
Жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешу үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын шағын және орта бизнесті дамытуды, қайта даярлау курстарын ұйымдастыруды және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізуді, жұмысқа орналастыруды қамтитын мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар әзірленіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Elorda.Info редакциясына сұхбат берген Астанадағы Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Бағила Орымбетова айтып берді.
Оқи отырыңыз: Елорданың Жұмыспен қамту орталығына қанша жұмыссыз тіркелген
Венера БАТАЛОВА
-->Жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешу үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын шағын және орта бизнесті дамытуды, қайта даярлау курстарын ұйымдастыруды және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізуді, жұмысқа орналастыруды қамтитын мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар әзірленіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Elorda.Info редакциясына сұхбат берген Астанадағы Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Бағила Орымбетова айтып берді.
Оқи отырыңыз: Елорданың Жұмыспен қамту орталығына қанша жұмыссыз тіркелген
Жұмыссыз азаматтар үшін тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп тұрады, оған қаланың 50-ден астам ұйымының өкілдері қатысады. Олар тұрақты жұмысқа әлеуетті үміткерлерді қабылдауға дайын. Бұл іс-шаралардың жұмыссыздар үшін басты құндылығы – олар бір күнде бірнеше жұмыс берушімен уақыт жоғалтпай жолығуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ біз NEET жастарын, халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерін және зейнет жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Әрбір бос орындар жәрмеңкесінің соңында Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыс берушілерге хабарласып, өтініш білдірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа тұрған-тұрмағанын нақтылайды, - деді ол.
Венера БАТАЛОВА