Түркияда жүрген елордалық құтқарушының сәбиі дүниеге келді
Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info.
Түркияда жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып жатқан елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Рахметов Олжастың төртінші баласы дүниеге келді. Сәбиге Аделя деген есім берілді.
-->Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info.
Түркияда жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып жатқан елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Рахметов Олжастың төртінші баласы дүниеге келді. Сәбиге Аделя деген есім берілді.
Олжас 1994 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Елордалық ТЖ департаментінде 2022 жылдан бастап өзінің біліми әрекеттерімен кәсіби маман ретінде көрсете білді. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін бірнеше ведомстволық марапатқа ие болған. Біздің құтқарушымызды сәбиінің өмірге келуімен шын жүректен құттықтай отырып, анасы мен қызына зор денсаулық, ал Олжасқа елімізге, отбасына аман-есен оралуын тілейміз, - делінген Астана қаласы ТЖД хабарламасында.