Жеңіс Қасымбек Шұбар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Шұбар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында шағын аудан тұрғындары бірқатар түйткілді проблемаларды көтерді. Жүйелі мәселелер: су құбыры, кәріз желілерін салу, газдандыру жүргізу. Сол сияқты шағын ауданды абаттандыру, бағдаршамдар орнату, қолжетімділік аясында әлеуметтік нысандар салу, заңсыз тамақтану орындары және т.б. мәселелер көтерілді.
Елорда әкімінің айтуынша, су құбыры және тұрмыстық кәріз желілері бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр, сараптамадан шыққаннан кейін желілер құрылысы басталады.
-->Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Шұбар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында шағын аудан тұрғындары бірқатар түйткілді проблемаларды көтерді. Жүйелі мәселелер: су құбыры, кәріз желілерін салу, газдандыру жүргізу. Сол сияқты шағын ауданды абаттандыру, бағдаршамдар орнату, қолжетімділік аясында әлеуметтік нысандар салу, заңсыз тамақтану орындары және т.б. мәселелер көтерілді.
Елорда әкімінің айтуынша, су құбыры және тұрмыстық кәріз желілері бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр, сараптамадан шыққаннан кейін желілер құрылысы басталады.
Газдандыру – ауқымды және үлкен жұмысты қажет ететін процесс, қазір Шұбар шағын ауданы бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр. Биыл жеткізуші газ құбырының құрылысы басталады. Ал кварталішілік желілердің құрылысын келесі жылы бастаймыз, осының арқасында шағын аудан тұрғындары үйлерін көгілдір отынға қоса алады. Осыған дейін Алматы мен Сарыарқа аудандарының тұрғындарына газға қосылу мүмкіндігі жасалған.
Аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты кездесу өткіземін. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті жұмыстарды орындау кестесін жасаймыз, - деді қала әкімі.