2030 жылы Астана халқының саны 2,5 миллионға жетуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет кулуарында 2030 жылы Астана халқының саны 2-2,5 миллионға жетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Вице-премьердің айтуынша, қаланың алғашқы бас жоспарында халықтың саны 800 мың адам болады деп жоспарланған.
-->Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет кулуарында 2030 жылы Астана халқының саны 2-2,5 миллионға жетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бас жоспарға сәйкес квадратура тығыздығының стандарттары бар. Полицентрлік принципі бойынша қаладағы әр ауданда әлеуметтік нысандар болуы керек. Халық санының қарқынды өсуі, жаңа аудандардың ашылуы, көлік санының ұлғаюы... мұның бәрі қаланың бас жоспарында ескеріледі, - деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, қаланың алғашқы бас жоспарында халықтың саны 800 мың адам болады деп жоспарланған.
2010 жылғы бас жоспарда 2030 жылы қалада 1 млн 200 мың адам болады деп жоспарланған. Алайда біз бұл көрсеткішке 2020 жылы жеттік. Осы жағдайды ескеріп, қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеп жатырмыз. 2030 жылға қарай қаладағы халықтың саны 2-2,5 млн адамға жетуі мүмкін, - деді Алтай Көлгінов.