Эдди Хирн: Головкин-Шеремета жекпе-жегі тамызда өтуі мүмкін
Британдық промоутер Эдди Хирн DAZN тілшілеріне берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жекті осы жылдың тамыз айында ұйымдастырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Естеріңізге салсақ, бұл жекпе-жек наурыз айында болуы керек еді, бірақ қазақстандық боксшының жарақатына байланысты жекпе-жек белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Сонымен бірге мексикалық Сауль Альвареспен GGG үшінші жекпе-жегі туралы алдын-ала келіссөздер басталды. Хирннің сөзіне қарағанда, бұл жекпе-жек желтоқсан айында, егер Головкин рингке тамызда, ал «Канело» қыркүйек айында оралған жағдайда өтуі мүмкін. Айта кетсек, Камил Шереметамен жекпе-жекте Геннадий Халықаралық бокс федерациясының (IBF) титулын қорғайды.
-->Британдық промоутер Эдди Хирн DAZN тілшілеріне берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жекті осы жылдың тамыз айында ұйымдастырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Естеріңізге салсақ, бұл жекпе-жек наурыз айында болуы керек еді, бірақ қазақстандық боксшының жарақатына байланысты жекпе-жек белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Сонымен бірге мексикалық Сауль Альвареспен GGG үшінші жекпе-жегі туралы алдын-ала келіссөздер басталды. Хирннің сөзіне қарағанда, бұл жекпе-жек желтоқсан айында, егер Головкин рингке тамызда, ал «Канело» қыркүйек айында оралған жағдайда өтуі мүмкін. Айта кетсек, Камил Шереметамен жекпе-жекте Геннадий Халықаралық бокс федерациясының (IBF) титулын қорғайды.