Елорда маңындағы өткелде күрделі жөндеу жұмыстары басталды
Астананың үлкен айналма жолының оңтүстік-батыс бағытында теміржол арқылы өтетін апатты өткелде күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық оператына сілтеме жасап.
Көпір өткелінің құрылыс жобасы аясында соңғы бірнеше жылда тіркелген жоғары қозғалыс қарқындылығы ескерілді. Бұл көрсеткіш тәулігіне 15 мыңнан астам көлікті құрап отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде, 30 арнайы техника мен 70-ке жуық маман жұмылдырылды.
Көпір өткеліндегі күрделі жөндеу жұмыстары Р-10 трассасының өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, болашақта көліктер мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді.
-->

Республикалық маңыздағы Р-10 «Астана қаласының үлкен айналма жолының» төртінші шақырымында теміржолдың үстінен өтетін апатты жағдайдағы көпір өткелінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында жалпы ұзындығы 140 метрді құрайтын өткелдің аралық құрылымдары мен барлық тірек бөліктері және т.б. бөлшектеледі, содан кейін мамандар бұрғылау қадаларын құю, тірек бөліктері мен арқалықтарды монтаждау бойынша жұмыстарға кіріседі, - деп жазылған хабарламада.