Елорда жаңалықтары

Елордалық дәрігерлер жүрегі 53 рет тоқтаған әйелді аман алып қалды

Астанада жүрегі 53 рет тоқтаған әйел аман қалды. №2 қалалық көпсалалы аурухананың дәрігерлері науқастың өмірі үшін 35 күн бойы күресті. Олар мұны «медицинаның ғажайыбы» деп атады, деп хабарлады Elorda.info.

Дәрігерлердің айтуынша, 6 қаңтарда науқас ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен келген.

-->

Қан айналымы үнемі тоқтай берген. Түні бойы, күні бойы оның жүрегі қайта-қайта «іске қосылып», кейде соғуын тоқтатты. Осылайша, бір күнде жүрек 53 рет тоқтады. Жасанды жүрек пен өкпенің қызметін атқаратын ECMO (экстракорпоральды мембрана оксигенациясы) қосуға тура келді.

Дәрігерлер науқасты 35 күн бойы қалдырмады, мониторларда тұрақты бақылау жүргізілді. Осы уақытта әйелден қан кету басталды. Одан кейін қабыну реакциясы, сепсис және жүйелік көп мүшелер жеткіліксіздігі болды.

Науқасты бірнеше рет  о дүниеден қайтару, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, сонымен бірге дененің барлық функциясын сақтап қалу, тіпті мұндай операцияларды бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтар мұны «медицина ғажайыбы» деп атайды, - дейді Кардио БИТ кафедрасының меңгерушісі Расул Сагынаев.