Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қандай талаптар қойылады
Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қарастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. "Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болатын. Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылдадық. Ендігі кезекте қарапайым ереже жұмыс істейтін болады. Сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті. Бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді. Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады", – делінген хабарламада.
-->Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қарастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. "Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болатын. Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылдадық. Ендігі кезекте қарапайым ереже жұмыс істейтін болады. Сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті. Бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді. Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады", – делінген хабарламада.