Елорда жаңалықтары

Астанада қозғалтқышы өртенген көліктен куәгерлер екі баланы құтқарып қалды

2020 жылғы 17 мамырда сағат 11.50-де Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында «Nissan-Terrano» жеңіл автомобилінің қозғалтқыш бөлігі жанды, деп хабарлайды Елорда Инфо ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оқиға куәгері автомашина салонынан 2014 және 2015 жылы туған екі бала құтқарды. Өрттің алдын ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі сымның қысқа тұйықталуы», - деп жазады комитет. Өрт сағат 12.02-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 12 қызметкер және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

-->