Астанада коронавирустан көз жұмған әйелдің бұрын дәрігер болғаны расталды
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қайтыс болған әйел жайлы тағы бір мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «1958 жылғы азаматша - осы қаланың тұрғыны. Ол бұрын дәрігер болған. Жасына сәйкес зейнетке шығып, демалыста болыпты. Кейбір азаматтар зейнетке шыққан кезде де мекемелерде жұмыс атқарады. Бірақ ол біздің мемлекеттік медициналық мекемеде жұмыс істемеген. Осындай дерттен науқастанып, қайтыс болған кезде туыстары алатын ақы жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда істеген мамандарға ғана бөлінеді. Cол үшін бұл кісінің туыстары ондай төлем ала алмайды», - деді Қисықова брифингте. Атап өтсек, кеше 1958 жылғы қала тұрғыны коронавирустан көз жұмған болатын.
-->Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қайтыс болған әйел жайлы тағы бір мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «1958 жылғы азаматша - осы қаланың тұрғыны. Ол бұрын дәрігер болған. Жасына сәйкес зейнетке шығып, демалыста болыпты. Кейбір азаматтар зейнетке шыққан кезде де мекемелерде жұмыс атқарады. Бірақ ол біздің мемлекеттік медициналық мекемеде жұмыс істемеген. Осындай дерттен науқастанып, қайтыс болған кезде туыстары алатын ақы жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда істеген мамандарға ғана бөлінеді. Cол үшін бұл кісінің туыстары ондай төлем ала алмайды», - деді Қисықова брифингте. Атап өтсек, кеше 1958 жылғы қала тұрғыны коронавирустан көз жұмған болатын.