Елорда жаңалықтары

Ш.Қадырова: Балабақшаға баласын кімнің апаруы – әр отбасының жеке таңдауы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова балабақшаға қариялар мен жүкті әйелдердің бару-бармауы керектігі жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Балабақшаға баламызды апаруға немесе кешкісін алып кетуге қарт адамдарға және жүкті әйелдерге баруға болмайтыны туралы айтылды. Карантин тәртібінде осындай талап бар ма?» деген сауалға Шолпан Қадырова былай деп жауап берді: «Балаларды балабақшаға ата-әжесі немесе жүкті әйел адам апаруға болмайды» деген талап жоқ. Ол – әр отбасының өз таңдауы. Кейбір балабақшада бұл туралы тек ұсыныс ретінде ғана айтылуы мүмкін».

-->