Елорда жаңалықтары

Ұшақпен келген жолаушылар неге карантинге жатқызылмайды

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева ұшақпен келген жолаушылар мен көлікпен келген жолаушылардың карантинге жатқызылуы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Басқа қаладан көлікпен келген жолаушылар карантинге жатқызылады. Өйткені көлікпен жүргенде жолаушылар көп жерге тоқтауы мүмкін. Сонымен қатар қала арасында ұзақ уақыт бойы жол жүретіндіктен, вирусты жұқтыру қаупі көбірек. Ұшақпен келген жолаушылар карантинге жатқызылмайды. Себебі ұшақта жолаушыларға тексеріс жүргізіледі, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін борт серігі болады», – деді ол.

-->