С.Қисықова медицина мамандарына төленген сыйақы мөлшерін айтты
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова медицина қызметкерлеріне төленген сыйақы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің әр аймағындағы медицина мамандарына сыйақы төленген болатын. Соның ішінде сәуір айында қызмет еткен 2 096 елордалық медицина мамандары сыйақы алды. Оған 847 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар амбулаториялық мекемелер бойынша тәуекел тобына жататын 537 медицина қызметкеріне 107,8 миллион теңгені құрайтын сыйақы төленді», – деді ол.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова медицина қызметкерлеріне төленген сыйақы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің әр аймағындағы медицина мамандарына сыйақы төленген болатын. Соның ішінде сәуір айында қызмет еткен 2 096 елордалық медицина мамандары сыйақы алды. Оған 847 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар амбулаториялық мекемелер бойынша тәуекел тобына жататын 537 медицина қызметкеріне 107,8 миллион теңгені құрайтын сыйақы төленді», – деді ол.