«Болашақ» түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
10 ақпанда Astana Hub көрме алаңында инженерлік-технологиялық мамандықтардың "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараны Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Болашақ" стипендиясының әкімшісі – Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырады.
Жәрмеңкеге IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады. Олардың ішінде Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Кселл, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және т. б.
Іс-шара барысында ірі жұмыс беруші компаниялар "Болашақ" бағдарламасының түлектері үшін өздерінің бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндіктерін ұсынады.
Үміткерлер мансаптық өсу, әлеуметтік кепілдіктер, ұсынылған бос жұмыс орындарына жалақы жайлы ақпарат ала алады.
Өтетін орны: Астана қ., Astana Hub, Мәңгілік ел даңғылы, 55/18, с-4.6 павильоны
Өтетін күні: 2023 жылғы 10 ақпан
Өтетін уақыты: 14.00 – 17.00.
-->10 ақпанда Astana Hub көрме алаңында инженерлік-технологиялық мамандықтардың "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.