Елорда жаңалықтары

Елордада қар күреуге екі мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Астанада коммуналдық қызметтер қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. 6 ақпан күні түстен кейін қар тазалау жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

6 ақпанға қараған түні елордадан 6 мың текше метрден астам қар немесе 452 рейс шығарылды. Дүйсенбі күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын қар мен мұздан тазартуға екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 234 мыңнан астам рейс жасалды.

Сондай-ақ коммуналдық қызметтер жолдарға, көшелерге, тротуарларға, аялдама павильондарының маңында үнемі құм-тұз қоспасымен себеді.

-->